Учаскелік сайлау комиссиясы мүшесін уақытша тағайындау туралы

2026 жылдың 26 сәуіріне тағайындалған Борсы ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауына дайындық және өткізу кезеңіне учаскелік сайлау комиссиясы мүшесін уақытша тағайындау туралы

           «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының  20-бабының 12 тармағына және өзінің өтініші негізінде Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026 жылдың 26 сәуіріне тағайындалған сайлауға дайындық және өткізу кезеңінде № 151 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына уақытша негізде Жумагалиева Райгуль Айбековна енгізілсін.
  2. Осы шешім аудандық «Ғұмар елі» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялансын.
  3. Осы шешім аталмыш учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын.
  4. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Хаирлиев

Учаскелік сайлау комиссиясы мүшесін уақытша тағайындау туралы
Дата публикации
09 апреля 2026