Учаскелік сайлау комиссия мүшесінің өкілеттілігін уақытша тоқтату туралы

2026 жылдың 26 сәуіріне тағайындалған Борсы ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауына дайындық және өткізу кезеңіне учаскелік сайлау комиссия мүшесінің өкілеттілігін уақытша тоқтату туралы

 

         Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының  20-бабының 12 тармағына сәйкес Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы                  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026 жылдың 26 сәуіріне тағайындалған сайлауға дайындық және өткізу кезеңіне № 151 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Казиева Назгул Маликовна өкілеттілігі уақытша тоқтатылсын.
  2. Осы шешім аудандық «Ғұмар елі» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялансын.
  3. Осы шешім аталған учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын.
  4. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

Жәнібек ауданының аумақтық

            сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Хаирлиев

Учаскелік сайлау комиссия мүшесінің өкілеттілігін уақытша тоқтату туралы
Дата публикации
09 апреля 2026