ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы, 2026 жылғы 5 сәуір күні Жақсыбай ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Дамас Алтынгуль - 1994 жылы туған, Тау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жәнібек ауданы, Тау ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынды;
- Сағадат Айдос Базарбайұлы - 1992 жылы туған, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынды;
- Шарафутдинов Бекежан Биболатович - 1987 жылы туған, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылында тұрады. Батыс Қазақстан облысы, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Жәнібек аудандық филиалы ұсынды.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы