ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы, 2026 жылғы 5 сәуір күні Борсы ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Базарғалиева Әдемі Салауатқызы - 1992 жылы туған, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынды;
- Бактыгалиев Зинхар Махметденович - 1989 жылы туған, Борсы ауылдық округінің әкімі, Жәнібек ауданы, Борсы ауылында тұрады. Батыс Қазақстан облысы, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Жәнібек аудандық филиалы ұсынды.
- Казбеков Арман Рашидович - 1998 жылы туған, Жәнібек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынды.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы