Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №42-3 «2026-2030 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының даму жоспары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

           Жәнібек ауданы                                                                                                                      Жанибекский район

 

 Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №42-3

«2026-2030 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының даму жоспары туралы» шешіміне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №116338 тіркелген) қаулысына сәйкес, Жәнібек аудандық мәслихаты    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №42-3 «2026-2030 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының даму жоспары туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

            1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

 «1.«2026-2030 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының даму жоспары осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін:».

          аталған шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

                  

 

                       Мәслихат төрағасы                                Т.Кадимов

 

КЕЛІСІЛДІ:

Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек аудандық

экономика және қаржы

бөлімінің басшысы                                           

Р.Сариев____________

2026 жылғы ___ наурыз    

шешим
Дата публикации
19 марта 2026