Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Борсы және Жақсыбай ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының

Борсы және Жақсыбай ауылдық округі

әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1 тармағына, 113-1-бабының 1-ші тармағының 1 тармақшасына сәйкес Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Борсы және Жақсыбай ауылдық округі әкімдерінің өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты аталған ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2026 жылғы 26 сәуірге тағайындалсын.
  2. 2026 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Борсы және Жақсыбай ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымша бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Жәнібек ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы аудандық «Ғұмар елі» қоғамдық – саяси газетінде және Жәнібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
  6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         

  Жәнібек ауданының аумақтық

         сайлау комиссиясының төрағасы                                    Ж.Хаирлиев

 

  Жәнібек ауданының аумақтық

         сайлау комиссиясының хатшысы                                    Г.Есниязова

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Борсы және Жақсыбай ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
18 марта 2026