Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
БҚО аумақтық сайлау комиссиясы отырыстарының
хаттамалық тапсырмаларын орындау бағытында, аудан аумағында
«Жас сайлаушылар» клубын құру туралы, аудан жастарымен
өткен жиналыстың
ХАТТАМАСЫ
Жәнібек ауылы 4 қыркүйек 2025 жыл
Төрағалық етті: Ж.Хаирлиев – Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
Қатысқандар: Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, аудандық ішкі саясат бөлімінің өкілдері, «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ-ның мамандары, аудан жастары, БАҚ өкілдері.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
ТЫҢДАЛДЫ: Хаирлиев Ж. – Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
Құрметті бүгінгі отырысқа қатысушылар! 2025 жылғы 17 шілдеде Сырым ауданында өткен өткен ауылдық округ әкімдері сайлауының қорытындысы бойынша АСК төрағаларын тыңдау жөніндегі көшпелі кеңестің 17.07.2025 жылғы №7 хаттамалық тапсырмасына сай, аудан аумағында аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы «Жас сайлаушылар» клубын құру қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты клубты құру ережесі бекітіліп, аудан аумағында «Жас сайлаушылар» клубын құру туралы Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 06.08.2025 жылғы №25 қаулысы шығарылды. Аумақтық сайлау комиссиясы жанынан ашылатын клубтың мақсаты мен міндеттері алдарыңызда жатқан бекітілген клуб ережесінде толық жазылған. Ендеше бекітілген ережеге сай аудан жастарымен аталған клубын құрылсын деген ұсыныс бар.
Құрметті әріптестер. Күн тәртібіне ұсынылған 1-ші мәселе бойынша қажетті ұсыныс пікірлеріңізді айтуларыңды сұраймын.
Сөйлеуші: Халиханов Меңдіхан Жәнібек аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ-ның басшысы.
Күн тәртібіне қойылған 1 мәселе бойынша қарсылық, ұсыныс жоқ, клубтың мақсаттары мен міндеттері айқын, бұл жұмыстарды атқару аудан жастарының қолынан келеді, жастардан құрылған клубтың маңызы жоғары болады деп ойлаймын. Дауысқа салуды ұсынамын.
Күн тәртібіндегі 2-ші мәселе бойынша Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы «Жас сайлаушылар» клубының төрағасы болып Нуралиев Руслан Әлібекұлын, төрағаның орынбасары болып Халиханов Меңдіхан Мейіржанұлын, хатшысы болып Сайынова Нұрайна Қуанышқызын сайлауды және клуб кеңесін қалыптастыруды дауысқа салуды ұсынамын. Күн тәртібіне ұсынылған 2-ші мәселе бойынша қажетті ұсыныс пікірлеріңізді айтуларыңды сұраймын. Ұсыныс, қарсылық жоқ.
Күн тәртібіндегі 3 мәселе бойынша клубтың жылдық жұмыс жоспары жасақталды, осы жоспарды бекітуге ұсынамын. Ұсыныс, қарсылық жоқ.
Отырысқа қатысушылардың күн тәртібіне ұсынылған мәселелерді қолдап дауысқа салу нәтижесі бойынша, Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ: