Ақоба ауылдық округі бойынша сайланған әкімді тіркеу туралы

Ақоба ауылдық округі бойынша сайланған әкімді тіркеу туралы

Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылдың 17 тамыз күні Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 - бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабының 1 тармағына сәйкес, Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 18 тамыздағы шешіммен, 1981 жылы туған, Ақоба ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек аудандық филиалымен ұсынылған, Жакин Нурлыбек Турымтайович, Ақоба ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

                   Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Ақоба ауылдық округі бойынша сайланған әкімді тіркеу туралы
Дата публикации
18 августа 2025