Ақоба ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауына дайындық және өткізу кезеңіне учаскелік сайлау комиссия мүшесінің өкілеттілігін уақытша тоқтату туралы

25 шілде 2024 жыл №20

2025 жылдың 17 тамызына тағайындалған Ақоба ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауына дайындық және өткізу кезеңіне учаскелік сайлау комиссия мүшесінің өкілеттілігін уақытша тоқтату туралы

          Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының  20-бабының 12 тармағына сәйкес Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025 жылдың 17 тамызына тағайындалған сайлауға дайындық және өткізу кезеңіне № 143 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Темиргалиева Гулфариза Танатовнаның өкілеттілігі уақытша тоқтатылсын.
  2. Осы шешім аудандық «Шұғыла» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялансын.
  3. Осы шешім аталмыш учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын.
  4. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

         

           Жәнібек ауданының аумақтық

            сайлау комиссиясының төрағасы                                Ж.Хаирлиев

Ақоба ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауына дайындық және өткізу кезеңіне учаскелік сайлау комиссия мүшесінің өкілеттілігін уақытша тоқтату туралы
Дата публикации
25 июля 2025