ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы, 2025 жылғы 25 шілде күні Ақоба ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Жакин Нурлыбек Турымтайович - 1981 жылы туған, Ақоба ауылдық округінің әкімі, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылында тұрады. «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек аудандық филиалы ұсынды;
- Испенбетова Айымгул Балтабеккызы - 1991 жылы туған, Ақоба ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынды;
- Сагадатов Айдос Базарбаевич - 1992 жылы туған, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынды.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы