Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1 тармағына, 113-1-бабының 1-ші тармағының 1 тармақшасына сәйкес Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы  17 тамызға тағайындалсын.
  2. 2025 жылғы 17 тамызға тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымша бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Жәнібек ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы аудандық «Шұғыла» қоғамдық – саяси газетінде және Жәнібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
  6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

        

  әнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Хаирлиев

  Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Г.Есниязова

Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
09 июля 2025