Конкурсты өткізу туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы N518 бұйрығына сәйкес Жәнібек ауданы әкімдігі 2025 жылғы 11 шілде күні сағат 15:00-де ҚР, БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш көшесі № 71 мекенжайы бойынша аудан әкімдігінің акт залында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді.