Күйгенкөл ауылдық округі бойынша сайланған әкімді тіркеу туралы

Күйгенкөл ауылдық округі бойынша сайланған әкімді тіркеу туралы

Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылдың 18 мамыр күні Күйгенкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабының 1 тармағына сәйкес, Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 19 мамырдағы № 15 шешімімен, 1989 жылы туған, Жәнібек ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған Кушанов Сержан Серикович, Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

                   Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Күйгенкөл ауылдық округі бойынша сайланған әкімді тіркеу туралы
Дата публикации
19 мая 2025