ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2025 жылдың 18 мамыр күні, Жәнібек ауданының, Күйгенкөл ауылдық округінде ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 4 тармағы 3 тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Күйгенкөл ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықтады:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 575 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 418 сайлаушы дауыс берген.
Әр үміткерге берілген дауыс саны:
Ә.С.Базарғалиева –39 ;
Ұ.Қ.Ғазезов – 39;
С.С.Кушанов 319 дауыс берілді.
«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 9.
Жарамсыз бюллетендер саны – 12.
Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі болып Кушанов Сержан Серикович сайланды, 1989 жылы туған, А.Оразбаева атындағы негізгі орта мектебінің директоры, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Жеңіс көшесі № 13А үйде тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы