Сайлау қорытындысы

ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

             2025 жылдың 18 мамыр күні, Жәнібек ауданының, Қамысты ауылдық округінде ауылдық округі әкімінің  сайлауы өтті.

Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 4 тармағы 3 тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Қамысты ауылдық округі әкімінің  сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде анықтады: 

          Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 619 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен  333 сайлаушы дауыс берген.

         Әр үміткерге берілген дауыс саны:

         А.Б.Испенбетова – 17;      

         О.А.Кенханов – 266;

         Ф.Х.Нарынова - 21 дауыс берілді.

         «Бәріне қарсымын» жолы белгіленген –11 .  

         Жарамсыз бюллетендер саны – 18.

        Қамысты ауылдық округінің әкімі болып Кенханов Оралбек Асылбекович  сайланды, 1994 жылы туған, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы. Жәнібек ауданы, Қамысты ауылы, Тәуелсіздік көшесі №24/1 үйде тұрады,  «AMANAT» партиясы ҚБ-мен ұсынылды.

 

                                       Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Сайлау қорытындысы
Дата публикации
18 мая 2025