ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 25 сәуір күні Күйгенкөл ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Базарғалиева Әдемі Салауатқызы, 1992 жылы туған, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Жәнібек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Ғазезов Ұшқын Қайратұлы, 1995 жылы туған, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының бас-инспекторы-заңгеры, Жәнібек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Кушанов Сержан Серикович, 1989 жылы туған, А.Оразбаева атындағы негізгі орта мектебінің директоры, Жәнібек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы