ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 25 сәуір күні Қамысты ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Испенбетова Айымгул Балтабеккызы, 1991 жылы туған, Ақоба ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жәнібек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Кенханов Оралбек Асылбекович, 1994 жылы туған, Жәнібек аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы, Қамысты ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек аудандық филиалымен ұсынылды;
- Нарынова Фархинура Хайсаевна, 1985 жылы туған, Күйгенкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жәнібек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы