2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Жәнібек ауданы, Қамысты ауылдық округі әкімі сайлауына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, 2025 жылғы 22 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 18-00 де, Қамысты ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
Жәнібек ауданы бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды:
- Испенбетова Айымгул Балтабеккызы – 1991 жылы туған, Ақоба ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жәнібек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Кенханов Оралбек Асылбекович - 1994 жылы туған, Жәнібек аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы, Қамысты ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек аудандық филиалымен ұсынылды;
- Нарынова Фархинура Хайсаевна - 1985 жылы туған, Күйгенкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жәнібек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы