Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылдық округі әкімі сайлауына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылдық округі әкімі сайлауына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, 2025 жылғы 22 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 18-00 де, Күйгенкөл ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанын хабарлайды.

Жәнібек ауданы бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды:

  1. Базарғалиева Әдемі Салауатқызы - 1992 жылы туған, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Жәнібек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  2. Ғазезов Ұшқын Қайратұлы - 1995 жылы туған, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының бас-инспекторы-заңгеры, Жәнібек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  3. Кушанов Сержан Серикович - 1989 жылы туған, А.Оразбаева атындағы негізгі орта мектебінің директоры, Жәнібек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылдық округі әкімі сайлауына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
22 апреля 2025