Қамысты және Күйгенкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

2025 жылдың 9 сәуіріндегі №10 қаулысы

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Қамысты және  Күйгенкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1 тармағына, 113-1-бабының 1-ші тармағының 2 тармақшасына және 3-ші  тармағына сәйкес Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Қамысты және Күйгенкөл ауылдық округі әкімдерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты аталған ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы  18 мамырға тағайындалсын.
  2. 2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Қамысты және Күйгенкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымша бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Жәнібек ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы аудандық «Шұғыла» қоғамдық – саяси газетінде және Жәнібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
  6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.  

  Жәнібек ауданының аумақтық

  сайлау комиссиясының төрағасы                                    Ж.Хаирлиев

 

  Жәнібек ауданының аумақтық

  сайлау комиссиясының хатшысы                                    Г.Есниязова

 

 

Қамысты және Күйгенкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
09 апреля 2025