Тау ауылдық округі бойынша сайланған әкімді тіркеу туралы Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылдың 2 наурызы күні Тау ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабының 1 тармағына сәйкес, Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 3 наурыздағы № 4 шешімімен, 1989 жылы туған, Жәнібек ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған Мизамбаев Нуртилек Ниетбаевич, Тау ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы