2024 жылға Жәнібек ауданы бюджетінің атқарылуы бойынша ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

2024 жылға

Жәнібек ауданы бюджетінің атқарылуы бойынша

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

     

 

 

     Кірістер

     2024 жылға бекітілген жылдық жоспар 7 728 240,0 мың теңге. Түзетілген бюджет 8 973  707,6 мың теңге құрайды. 2025 жылғы 1 қантарға кассалық орындалуы 9 235 883,6 мың теңге немесе 102,9 %. Артық орындалуы 262 176 мың теңге.

     

      Өз кірістеріміз бойынша бекітілген жылдық жоспар 965 124,0 мың теңге. Түзетілген бюджет 1 129 866,0 мың теңге, 01.01.2025 ж кассалық орындалуы 1 380 526,6 мың теңге құрады немесе 122,2 %. Аса орындалуы 250 660,6 мың теңге. оның ішінде:

  • салық түсімдер – 1 320 831,7 мың теңге (121,4%);
  • салық емес түсімдер – 53 726,0 мың теңге (145,3%);
  • негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –5968,9 мың теңге (122,7%);

     

     Шығыстар

      2024 жылға бекітілген бюджет 7 728 240,0 мың теңге құрайды. Түзетілген бюджет 8 973 707,8 мың теңге. 2025 ж 01 қантарға кассалық орындауы 8 968 951,1 мың теңге немесе 99,9 % құрады.

 

Орындалмаған қаражат:

4 468,0 мың теңге -Талов ауылдық округі бойынша жаяу жолды абаттандыру (мердигердің келісім шарт міндеттімелерін орындамау)

 

    Барлық мекемелер бойынша қалдық қаражат  288,7 мың теңге.

 

 

                                    Жәнібек аудандық экономика және

                 қаржы бөлімінің басшысы                                                                                                                   Р. Сариев

Дата публикации
03 марта 2025