Сайлау қорытындысы

ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

             2025 жылдың 2 наурыз күні, Жәнібек ауданының, Тау ауылдық округінде ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы өтті.

Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 4 тармағы 3 тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Тау ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықтады: 

          Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 627 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен  314 сайлаушы дауыс берген.

         Әр үміткерге берілген дауыс саны:

         Г.М.Забихуллинаға – 30;      

         У.Б.Култановаға – 68;

         Н.Н.Мизамбаевқа - 189 дауыс берілді.

         «Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 8.  

         Жарамсыз бюллетендер саны – 19.

        Тау ауылдық округінің әкімі болып Мизамбаев Нұртілек Ниетбайұлы сайланды, 1989 жылы туған, аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығының бұқаралық бөлім меңгерушісі. Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Өтемісов көшесі №5 үйде тұрады,  «AMANAT» партиясы ҚБ-мен ұсынылды.

                                       Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Сайлау қорытындылары
Дата публикации
02 марта 2025