Күйгенкөл ауылдық округі бойынша сайланған әкімді тіркеу туралы
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылдың 2 маусымы күні Қамысты ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14- бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 2 маусымдағы шешімімен өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған 1995 жылы туған Қамысты ауылының тұрғыны Аюпов Нурлан Дуйсенгаевич Қамысты ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы