ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2024 жылдың 2 маусымы күні Жәнібек ауданының Қамысты ауылдық округінде ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы өтті.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 4 тармағы 3) тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Жәнібек ауданының Қамысты ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықтады:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 774 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 353 сайлаушы дауыс берген.
Әр үміткерге берілген дауыс саны:
Н.Д.Аюпов – 247; И.Ж.Утегенова – 46 дауыс берілді.
«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 35; жарамсыз бюллетеньдер саны - 25.
Қамысты ауылдық округінің әкімі болып Аюпов Нурлан Дуйсенгаевич сайланды,1995 жылы туған, Қамысты ауылдық округінің әкімі, Жәнібек ауданы, Қамысты ауылы, Достық көшесі №3 үйде тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы