Күйгенкөл ауылдық округі бойынша сайланған әкімді тіркеу туралы
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылдың 3 наурызы күні Күйгенкөл ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14- бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 3 наурыздағы шешімімен «AMANAT» партиясынан ұсынылған 1987 жылы туған Жәнібек ауылының тұрғыны Базарбаев Асылбек Асқарұлы Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы