ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2024 жылдың 3 наурыз күні Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округінде ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы өтті.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 4 тармағы 3) тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықтады:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 519 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 413 сайлаушы дауыс берген.
Әр үміткерге берілген дауыс саны:
А.А.Базарбаевқа – 325; Ф.Х.Нарыноваға – 32; Г.Т.Темірғалиеваға - 37 дауыс берілді.
«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 3; жарамсыз бюллетеньдер саны - 16.
Күйгенкөл ауылдық округі әкімі болып Базарбаев Асылбек Аскарович сайланды, 1987 жылы туған, Жәнібек аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Тайманов көшесі №38 үйде тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды. Ұлты қазақ.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы