Сайланған әкімді тіркеу туралы

Ұзынкөл ауылдық округі бойынша сайланған әкімді тіркеу туралы

Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-11-бабының, 1 тармағына  сәйкес,                    2023 жылдың 10 желтоқсаны  күні Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14- бабының 9) тармақшасына және                        113-11-бабына сәйкес Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының               2023 жылғы 10 желтоқсандағы шешімімен, 1991 жылы туған, Жәнібек ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған Шарипов Назар Амангельдиевич               Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

 

                    Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

                   

Сайланған әкімді тіркеу туралы
Дата публикации
28 января 2025