Сайлау қорытындылары

Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының                              2023 жылғы 10 желтоқсанында өткен Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің                 сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЫ

 

Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің сайлауына 3 үміткер қатысты,                      1 үміткер «AMANAT» партиясының атынан, 2 үміткер өзін-өзі ұсыну тәртібімен .

Сайлау күні барлық тізімге енгізілген 510 сайлаушының 84,7 %-і сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Кандидаттар Абдулова Айсулу Ахмедияровнаға 46 (қырық алты), Газезова Таншолпан Нурлановаға 22 (жиырма екі), Шарипов Назар Амангельдиевичке 348  (үш жүз қырық сегіз) дауыс берілді.  Дауыс беру нәтижесінде Шарипов Назар Амангельдиевич Ұзынкөл  ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Шарипов Назар Амангельдиевич, 21.06.1991 жылы туылған, ұлты қазақ, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының бас инспектор-заңгері, «AMANAT» партиясының мүшесі, Жәнібек ауылының тұрғыны.

 

Жәнібек аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары
Дата публикации
28 января 2025