Жәнібек ауылдық округі бойынша сайланған әкімді тіркеу туралы
Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-11-бабының, 1 тармағына сәйкес, 2023 жылдың 12 ақпаны күні Жәнібек ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14- бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 12 ақпандағы шешімімен, 1976 жылы туған, Жәнібек ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Каратаев Абзал Бакытович Жәнібек ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы