Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 22 мамырда өткен Борсы, Жақсыбай ауылдық округтері әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЫ
Сайлау күні барлық тізімге енгізілген 386 сайлаушының 93,5 %-і сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Кандидаттар Аманғалиева Ақбөбек Сұлтанғалиқызына 10 (он), Бақтығалиев Зинхар Махметденұлына 317 (үш жүз он жеті), Ғазезов Ұшқын Қайратұлына 21 (жиырма бір) дауыс берілді. Дауыс беру нәтижесінде Бақтығалиев Зинхар Махметденұлы Борсы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Бақтығалиев Зинхар Махметденұлы, 27.06.1989 жылы туылған, ұлты қазақ, Борсы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымын атқарған, «AMANAT» партиясының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Борсы ауылының тұрғыны.
2.Жақсыбай ауылдық округі әкімінің сайлауына өзін-өзі ұсыну жолымен 2 үміткер қатынасты.
Сайлау күні барлық тізімге енгізілген 558 сайлаушының 88,5 %-і сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Кандидаттар Бурекешова Диана Амангелдіқызына 201 (екі жүз бір), Қаратаев Алмат Бақытұлына 228 (екі жүз жиырма сегіз) дауыс берілді. Дауыс беру нәтижесінде Қаратаев Алмат Бақытұлы Жақсыбай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Қаратаев Алмат Бақытұлы, 01.02.1974 жылы туылған, ұлты қазақ, Жақсыбай ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарған, «AMANAT» партиясының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылының тұрғыны.
Жәнібек аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы