Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданы Борсы, Жақсыбай ауылдық округтері
әкімдерінің сайлауын 2022 жылғы 22 мамырға тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8
1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2-, 3- тармақтарына сәйкес Жәнібек
аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек
ауданының Борсы, Жақсыбай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2022
жылғы 22 мамырға тағайындалсын.
2.
2022 жылғы 22 мамырға тағайындалған Қазақстан Республикасы
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Борсы, Жақсыбай ауылдық
округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс
шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3.
Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
4. Аталған ауылдық округтердің әкімі аппараттары Жәнібек ауданының
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірге Борсы, Жақсыбай ауылдық округі
әкімдерінің сайлауын өткізу кезеңінде өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды
ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
шараларын қолдансын.
5. Осы шешім аудандық «Шұғыла» қоғамдық – саяси газетінде және
аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялансын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
Ж.Абдолов