2022 жылғы 22 мамырға тағайындалған Қазақстан
Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек
ауданы Борсы, Жақсыбай ауылдық округтері әкімдерін
сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 6)-тармақшасына, 21-бабының
4-тармағына және 22-бабына сәйкес Жәнібек аудандық аумақтық сайлау
комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Борсы, Жақсыбай ауылдық округтері аумағының шекарасында Борсы,
Жақсыбай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтері
құрылсын.
2. Осы шешім «Шұғыла» аудандық қоғамдық - саяси газетінде және
аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялансын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
Ж.Абдолов