Күйгенкөл ауылдық округі бойынша сайланған әкімді тіркеу туралы
Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-11-бабының, 1 тармағына сәйкес, 2021 жылдың 28 қарашасы күні Күйгенкөл ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14- бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 28 қарашадағы шешімімен, 1989 жылы туған, Күйгенкөл ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Тарғынов Саят Бауыржанович Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы