Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 28 қарашада өткен Күйгенкөл ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЫ
Сайлауға «Nur Otan» партиясынан 1 үміткер, өзін-өзі ұсынумен 2 үміткер қатынасты.
Сайлау күні барлық тізімге енгізілген 532 сайлаушының 76,31 %-і сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Кандидаттар Бурекешова Диана Амангелдіқызына 7 (жеті), Ғазезов Ұшқын Қайратұлына 16 (он алты), Тарғынов Саят Бауыржанұлына 364 (үш жүз алпыс төрт) дауыс берілді.
Дауыс беру нәтижесінде Тарғынов Саят Бауыржанұлы Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Саят Бауыржанұлы Тарғынов, 27.11.1989 жылы туылған, ұлты қазақ, Күйгенкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымын атқарған, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жасқайрат ауылының тұрғыны.
Жәнібек аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы