Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарламасы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес 2021 жылғы 12 қараша күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Күйгенкөл ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
Жәнібек ауданы бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 кандидат «Nur Otan» партиясынан, 2 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы