негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

2021 жылғы 28 қарашаға тағайындалған

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспары

 

1.     Ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тағайындау

                                Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

                                2021 жылғы 29 қазаннан кешіктірмей

(14-бап 8-1)-тармақша, 113-1-бап 2-, 3-тармақтар)

2. Сайлау округтерінің тізімін олардың шекараларын және аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсетіп, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2021 жылғы 8 қарашадан кешіктірмей

(14-бап 6)-тармақша, 21-бап 4-тармақ, 22-бап)

3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                         

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2021 жылғы 8 қарашадан кешіктірмей

(13-бап 4-тармақ)                   

          4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                            

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

 2021 жылғы 13 қарашадан кешіктірмей  

(17-бап 2-тармақ)  

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2021 жылғы 13 қарашадан кешіктірмей  

(23-бап 5-тармақ)

6. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар, өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе,  тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда  жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады (2021 жылғы 30 қазанда басталады және 2021 жылғы 12 қарашада жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады), сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күні екеуден аз кандидат ұсынылған болса, аудан әкімі жүргізеді (2021 жылғы 13 қарашада басталады және 2021 жылғы 17 қарашада жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады).

                   (113-3-бап 1-, 5-тармақтар)

7. Кандидатты әкімдікке ұсыну туралы хаттамадан үзінді көшірмені кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге тиісті сайлау комиссиясына ұсыну

 

Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғарғы басшы органы

Ұсыну кезінде

                                                              (113-3-бап  3-тармақ)

8. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 (4-бап 4-тармақ 2)-тармақша, 113-2-бап, 113-5-бап 11-тармақ)

9. Арнаулы тексеру жүргізу үшін кандидаттардың құжаттарын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына жіберу

                                  Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

              Тіркеуге құжаттар келіп түскен кезден бастап

(113-5-бап 4-тармақ)

10. Әкімдікке кандидаттарға арнаулы тексеру жүргізу

 

Қазақстан Республикасының аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдары

Құжаттарды алған кезден бастап отыз күн ішінде

(113-5-бап 4-тармақ)

11. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және тиісті куәлік беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(14-бап 8-)-тармақша, 31-бап)

12. Әкімдікке кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын    беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

                                                                               (113-4-бап)

13. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың анықтығын тексеруді жүзеге асыру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің жұмыскерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде

                                                                (113-4-бап 7-тармақ)

14. Әкімдікке кандидаттар өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

Кандидатты ұсынған саяси партия ұсынылған әрбір кандидат үшін өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар

Кандидат тіркелгенге дейін

                                                              (113-5-бап 2-тармақ)

15. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына 2021 жылғы 1 қазан күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсыру

 

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы)

Кандидат тіркелгенге дейін

                                                            (113-5-бап 3-тармақ)

16. Әкімдікке кандидат және оның зайыбының (жұбайының) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің анықтығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

                                                                (113-5-бап 3-тармақ)

17. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2021 жылғы 17 қарашада жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады

(14-бап 8-1)-тармақша, 113-5-бап)

18. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

(113-5-бап 9-тармақ)

19. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2021 жылғы 17 қарашаға дейін

(28-бап 6-тармақ)

20. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Әкімдікке кандидаттар тіркелген мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2021 жылғы 17 қарашада сағат 18.00-де басталады және 2021 жылғы 27 қарашада 00.00 сағатта аяқталады

(27-бап 2-тармақ)

21. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайда кандидаттардың және сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                   (28-бап 4-тармақ)

22. Әрбір сайлау учаскесі бойынша тиісті әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                    

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2021 жылғы 8 қарашаға дейін

(24-бап 5-тармақ, 26-1-бап 1-тармақ)

23. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда

2021 жылғы 12 қарашадан кешіктірмей

                                                                    (26-бап 1-тармақ)

24. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету  

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2021 жылғы 17 қарашадан кешіктірмей  

(18-бап 5)-тармақша, 38-бап 2-тармақ)

25. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей

2021 жылғы 17 қарашадан кешіктірмей  

(38-бап 1-, 2-тармақтар)

26. Егер тізімге енгізілген сайлаушылардың бәрі дауыс берсе, дауыс беруді кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін белгілеу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлауға дейін жеті күннен кешіктірмей

2021 жылғы 20 қарашадан кешіктірмей  

(38-бап 3-тармақ)

27. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2021 жылғы 25 қарашадан ерте емес және 27 қарашадан  кешіктірмей

                                                                     (37-бап 3-тармақ)

28. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 

жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-бап 1-тармақ)

29.Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-бап 1-тармақ)

30. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                          

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-бап 8)-тармақша, 43-бап)

31. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                                    

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                  (43-бап 8-тармақ)

32. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық сайлау комиссиясына ұсыну        

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-бап 1-тармақ)

33. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш  күннен кешіктірмей                                                                                                 

2021 жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей

(113-10-бап)

34. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

(44-бап)

35.  Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

(45-бап, 46-бап 3-тармақ 2)-тармақша, 113-11-бап)                

негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары
Дата публикации
23 января 2025