Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округі әкімінің сайлауын 2021 жылғы 28 қарашаға тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округі әкімінің

сайлауын 2021 жылғы 28 қарашаға тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2-, 3- тармақтарына сәйкес Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Күйгенкөл  ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 28 қарашаға тағайындалсын.
  2. 2021 жылғы 28 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Аталған ауылдық округ әкімі аппараты Жәнібек ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірге Күйгенкөл ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу кезеңінде өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдансын.
  5. 5. Осы шешім аудандық «Шұғыла» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялансын.

 

 

Аудандық аумақтық сайлау

  комиссиясының төрағасы                                                                Ж.Абдолов

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округі әкімінің сайлауын 2021 жылғы 28 қарашаға тағайындау туралы
Дата публикации
23 января 2025