Ақоба ауылдық округі бойынша сайланған әкімді тіркеу туралы
Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-11-бабының, 1 тармағына сәйкес, 2021 жылдың 29 тамызы күні Ақоба ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14- бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 29 тамыздағы шешімімен, 1981 жылы туған, Жәнібек ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Жакин Нурлыбек Турымтайович Ақоба ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы