Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 29 тамызда өткен Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы

Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 29 тамызда өткен Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЫ

 

Сайлауға «Nur Otan» партиясынан 1 үміткер, өзін-өзі ұсынумен  2 үміткер қатынасты.

Сайлау күні барлық тізімге енгізілген 375 сайлаушының 80,27 %-і сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Кандидаттар Мақсат Нұрболұлы Жаналиевке 107 (бір жүз жеті), Нұрлыбек Тұрымтайұлы Жакинге 161 (бір жүз алпыс бір), Назар Амангелдіұлы Шариповке 17 (он жеті) дауыс берілді.

 Дауыс беру нәтижесінде Нұрлыбек Тұрымтайұлы Жакин Ақоба ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Нұрлыбек Тұрымтайұлы Жакин, 03.04.1981 жылы туылған, ұлты қазақ, Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылының тұрғыны.

Жәнібек аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 29 тамызда өткен Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы
Дата публикации
23 января 2025