Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлауын 2021 жылғы 29 тамызға тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округі әкімінің
сайлауын 2021 жылғы 29 тамызға тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8
1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2-, 3- тармақтарына сәйкес Жәнібек
аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:


1.Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек
ауданының Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 29 тамызға
тағайындалсын.
2.2021 жылғы 29 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Ақоба ауылдық округі әкімінің
сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп
отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3.Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
4. Аталған ауылдық округтің әкімі Жәнібек ауданының Бас мемлекеттік
санитарлық дәрігерімен бірге Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу
кезеңінде өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау
процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдансын.
5. Осы шешім аудандық «Шұғыла» қоғамдық – саяси газетінде және аудан
әкімдігінің ресми сайтында жариялансын.


Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Абдолов

Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлауын 2021 жылғы 29 тамызға тағайындау туралы
Дата публикации
23 января 2025