2021 жылғы 29 тамызға тағайындалған Қазақстан
Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек
ауданы Ақоба ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде
сайлау округтерін құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 6)-тармақшасына, 21-бабының
4-тармағына және 22-бабына сәйкес Жәнібек аудандық аумақтық сайлау
комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақоба ауылдық округі аумағының шекарасында Ақоба ауылдық
округі әкімін сайлауы бойынша сайлау округі құрылсын.
2. Осы шешім «Шұғыла» аудандық қоғамдық - саяси газетінде және
аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялансын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасыЖ.Абдолов