Талов ауылдық округі бойынша сайланған әкімді тіркеу туралы

Талов ауылдық округі бойынша сайланған әкімді тіркеу туралы

Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылдың 1 желтоқсан күні Талов ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес, Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 41 шешімімен, 1983 жылы туған, Жәнібек ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Сарсенгалиев Аскар Маратович, Талов ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

 

                   Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Талов ауылдық округі бойынша сайланған әкімді тіркеу туралы
Дата публикации
02 декабря 2024