ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

             2024 жылдың 1 желтоқсан күні Жәнібек ауданының Талов ауылдық округінде ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы өтті.

Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 4 тармағы 3) тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Жәнібек ауданының Талов ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықтады: 

          Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 373 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 308 сайлаушы дауыс берген.

         Әр үміткерге берілген дауыс саны:

         У.Б.Култановаға – 36;

         А.М.Сәрсенғалиевке - 200;

         М.Б.Төрешовке - 60 дауыс берілді.

         «Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 5;  

         жарамсыз бюллетеньдер саны - 7.

        Талов ауылдық округінің әкімі болып Сәрсенғалиев Асқар Маратұлы сайланды, 1983 жылы туған, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Жұмаев көшесі №15 үйде тұрады,  өзін-өзі ұсынды.

 

                                       Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
01 декабря 2024