ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 2 қараша күні Талов ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Култанова Унзила Бердибековна, 1985 жылы туған, Борсы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жәнібек ауданы Борсы ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Кыдыргалиев Нурдаулет Аянович, 1991 жылы туған, Талов ауылдық округінің әкімі, Жәнібек ауданы Талов ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек аудандық филиалымен ұсынылды;
- Успанова Лариса Тулеуовна, 1972 жылы туған, Қамысты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жәнібек ауданы Қамысты ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы