Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Талов ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы Талов ауылдық округі әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңының 14-бабының  8-1)-тармағына,  113-1-бабының 1 тармағы 1) тармақшасына және 2 тармағына сәйкес Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Талов ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 24 қарашаға тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 24 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Талов ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Жәнібек ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы Жәнібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және сайлау болатын күн туралы хабар аудандық «Шұғыла» қоғамдық–саяси газетінде жариялансын.

 

                     Аудандық аумақтық сайлау

                     комиссиясының төрағасы                                     Ж.Хаирлиев

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Талов ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
16 октября 2024