ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

             2024 жылдың 15 қыркүйек күні Жәнібек ауданының Жәнібек ауылдық округінде ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы өтті.

Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 4 тармағы 3) тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Жәнібек ауданының Жәнібек ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықтады: 

          Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4957 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 3420 сайлаушы дауыс берген.

          Әр үміткерге берілген дауыс саны:

          Г.Т.Айткалиевқа – 2724;

         У.Б.Култановаға - 257;

         Ф.Х.Нарыноваға - 342 дауыс берілді.

         «Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 62;  

         жарамсыз бюллетеньдер саны - 35.

        Жәнібек ауылдық округінің әкімі болып Айткалиев Гибрат Талгатович сайланды, 1992 жылы туған, Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ықсанов көшесі №117 үйде тұрады,  өзін-өзі ұсынды.

                                       Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
15 сентября 2024