Хабарлама

Хабарлама

"Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2023 жылдың  8 тамыз сағат 10:30  (жергілікті уақыт)  жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында бағаны көтеру әдісімен электронды аукцион өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Байқауда жалдау құқығын сату үшін ұсынылған жер учаскелерінің тізімі

Р/с

Сауданы өткізу тәсілі  мен әдісі

Жер учаскесінің

орналасқан жері

Нысаналы

мақсаты

Жер учаскесінің көлемі, га

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны

Жер учаскесінің бастапқы және ең төменгі бағасы

Кепілдік жарнаның мөлшері

Құқық түрі

1

Аукцион (ағылшындық әдіс)

Жәнібек ауданы, Тау  ауылдық округі, Тау ауылы, Абай көшесі №6 жер телімі 

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға)  қызмет көрсету үшін

0,0200

31980,00 (отыз бір мың тоғыз жүз сексен)

1918,8 тг

172500 тг

3 (үш) жылға уақытша өтеулі жалға алу құқығы

Аукционға қатысуға өтінімдер беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы «Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» №297 бұйрығы нігізінде жүзеге асырылады.

Сауда-саттыққа (аукционға) қатысу үшін қатысушы веб-порталда өтінім береді және электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) қояды. Өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, қатысушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде веб-порталда деректерді өзгертуді жүзеге асырады.

Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

      1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН), Тегі, Аты және әкесінің аты (бар болса));

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН), толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ;

      3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

      4) байланыс деректері (телефон, e-mail).

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Назар аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылады.

Автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталы қатысушының тізілімнің веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Сауда-саттыққа (аукционға) қатысуға рұқсат етілген қатысушыға аукцион залына веб-портал берген аукцион нөмірі бойынша кіруге рұқсат етіледі. Бағаны көтеру сауда-саттығына (аукционына) қатысушылар сауда-саттық (аукцион) басталғанға дейін 1 (бір) сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді, бастапқы бағадан төмен болмайтын сауда-саттық (аукцион) объектісі үшін өзінің баға ұсынысын көрсетеді. Егер сауда-саттық (аукцион) басталған сәтте сауда-саттық (аукцион) объектісі бойынша аукцион залында екі қатысушыдан аз тіркелсе және болса, аталған сауда-саттық (аукцион) объектісі бойынша сауда-саттық (аукцион) өтпеді деп танылады.

Сауда-саттық (аукцион) басталған сәтте аукцион залында қатысушылардың сауда-саттық (аукцион) объектісі үшін баға ұсыныстары бейнеленеді, олар шарттарды сақтай отырып, сауда-саттық (аукцион) объектісін сатып алуға келісім білдіру нысаны болып табылады және ағымдағы баға қалыптастырылады. Сауда-саттық (аукцион) басталған сәттен бастап қатысушыға белгіленген қадамға басқа қатысушының ағымдағы ең жоғары бағасын ұлғайту мүмкіндігі беріледі.

Егер сауда-саттық (аукцион) басталған кезден бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі ең жоғары ағымдағы бағаны көтермесе, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал аталған сауда-саттық (аукцион) объектісі бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізілген болып танылады. Егер аукцион залында сауда-саттық (аукцион) басталған сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірі осы белгіленген қадамға басқа қатысушының ағымдағы ең жоғары бағасын ұлғайту жолымен сауда-саттық (аукцион) объектісін сатып алу ниетін растаса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады. Егер ағымдағы баға ұлғайтылғаннан кейін 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен сауда-саттық (аукцион) объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда сауда-саттық (аукцион) объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал аталған сауда-саттық (аукцион) объектісі бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізілген болып танылады.

Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы мен жеңімпаз сауда-саттық өткізілген күні ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз мен сатушының сату бағасы бойынша сату объектісін сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады.

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты веб-порталда электрондық форматта жасалады және оған сауда-саттық (аукцион) нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қояды. Жеңімпаз сауда-саттық (аукцион) нәтижелері туралы хаттамаға не жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда, сатушы веб-порталда қалыптастырылатын сауда-саттық (аукцион) нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және аталған сауда-саттық (аукцион) объектісі күші жойылған сауда-саттық (аукцион) талаптарымен сауда-саттыққа (аукционға) қайта шығарылады.

Аукционға қатысқан, бiрақ онда ештеңе сатып алмаған тұлғаларға кепiлдiк жарнаның сомасы қайтарылады. Аукционның қандай да болсын затын сатып алған тұлғаға кепiлдiк жарнасының сомасы төленген сатып алу бағасының есебiне есептеледi.

Егер аукционнан жеңімпаз сатып алушы көзделген шартты жасасудан бас тартса, ол аукционға қатысушылардың қатарынан шығарылады, оған кепiлдiк жарна қайтарылмайды, ал сатып алушы сатып алудан бас тартқан аукционның заты қайтадан саудаластыққа қойылуы мүмкiн.

Кепілдік жарнаны сауда-саттықтың (аукционның) ұйымдастырушы қабылдайды:

Төлем алушы: "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ; БИН: 050540004455; КНП: 171; Кбе: 16. "Қазақстан Халық банкі" АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК); KZ946017111000000330; БИК:HSBKKZKX.

Төлемнің мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.

Дата публикации
20 июля 2023