Жәнібек ауданы әкімдігі
ҚАУЛЫ
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексін, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Талов ауылдық округі жергілікті қоғамдастық кеңесінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №3 хаттамасына сай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Талов ауылдық округі аумағында орналасқан «Виктория» шаруа қожалығының пайдаланудағы 600 (алты жүз) гектар, кадастрлық нөмірі 08-116-025-503 жайылымдық жер учаскесі, жайылым алқаптарына халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулыға сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2023 жылғы 29 қыркүйек болып белгіленсін.
- Жәнібек ауданының әкімдігі меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны заңнама талаптарына сәйкес жолдасын.
- Меншік иелері мен жер пайдаланушылар үшін мемлекет мұқтажы мақсатында алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Иманов көшесі, № 71 ғимаратындағы «Жәнібек ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.
- Жәнібек ауданы әкімдігі осы қаулы қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде Жәнібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Молдағалиевке жүктелсін.
Аудан әкімі Т.Шиниязов