ЖАДНАМА «Полицияның сервистік моделі жағдайындағы құқық қорғау органдары мен педагогикалық ұжымдардың өзара іс-қимылы»

1 - сервиске бағытталған полиция қызметі - бұл полиция мен қоғамға қылмыс, құқық қорғау және қауіпсіздік мәселелерін шешуде ынтымақтастықтың жаңа әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін модель. Ол екі негізгі құрамдас бөлікке негізделген: полицияның әдістері мен тәжірибесін өзгерту және полиция мен қоғам арасында сындарлы қарым-қатынас орнату үшін шаралар қабылдау.

2 - кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары (бұрын - "мектеп инспекторлары") білім беру ұйымдарында емес, учаскелік полиция  пункттерінде отырады; олар өздері қызмет көрсететін әкімшілік учаскеге бекітілген білім беру объектілеріне жетекшілік етеді.

3 - профилактикалық жұмыс Білім беру ұйымының және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция инспекторларының бірлескен жұмыс жоспары негізінде жүргізіледі (ата-аналармен, балалармен жоспардан тыс профилактикалық әңгімелесу, отбасыларға бару және т.б. қажет болған жағдайда, білім беру ұйымының директоры білім беру объектісі орналасқан аумақтық әкімшілік учаскенің инспекторын шақыруға құқылы).

 

Назар аудару:

1.Білім бөлімдері, мектептер (колледж) жасөспірім жасаған құқық бұзушылық туралы немесе оған қатысты ақпарат алған кезде полицияның кезекші бөлімінің "102" пультіне қоңырау шалуы қажет.
2.Кезекші бөлім өз кезегінде осы хабарламаны ақпаратты есепке алу кітабына (бұдан әрі - АЕК) тіркейді.

 

Анықтамалық:
          Ақпаратты есепке алу кітабы – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептерін қоса алғанда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат енгізілетін автоматтандырылған деректер базасы.

 

3.Алынған хабарлама тіркелгеннен кейін жедел кезекші осы ақпаратты растау үшін қылмыс жасалған жерге жақын жердегі патрульдік полицияның экипажын не учаскелік полиция инспекторын жібереді, ол оқиға орнына келген бойда   қылмыстық құқық бұзушылық орын алғанына көз жеткізіп, жедел кезекшіге баяндайды.

4.Бұдан әрі ақпарат расталғаннан кейін жедел кезекші қылмыс жасалған жерге жедел-тергеу тобын (бұдан әрі - ЖТТ) жібереді.

 

ЖТТ құрамы:
топтың аға тергеушісі, жедел уәкілі, криминалист, кинолог және егер қылмысты кәмелетке толмаған бала жасаған немесе оған қатысты жасалған жағдайда, онда топ құрамында оқиға орнына кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор жіберіледі.

 

5.Оқиға орнына келген кезде кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі, психолог шақырылады және олардың қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізіледі.
6.Бұдан әрі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор педагогикалық құраммен бірлесіп, кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме жүргізеді және қажет болған жағдайда ішкі істер органдарын есепке қояды. Одан кейін кәмелетке толмағандарға қайталап құқық бұзушылық жасауға жол бермеу мақсатында бір жыл ішінде профилактикалық жұмыс жүргізеді.

 

Анықтамалық:
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор қайта құқық бұзушылық жасаған жағдайда кәмелетке толмағанға қатысты материал жинауды жүзеге асырады және кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жібереді.

Есіңізде болсын: қабылданған шаралардың сапасы, уақтылығы және жасөспірімнің тағдыры бірлескен іс-қимылдардың тиімділігі мен үйлесімділігіне байланысты!

Дата публикации
14 февраля 2022